Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бойынша жүйелі жұмыс аясында eLicense.kz порталында Жоғары білім берудің бірыңғай порталымен (ЖББП) интеграция іске асырылды. Жаңа функционал өтініш беру барысында білім туралы мәліметтерді автоматты түрде жүктеуге мүмкіндік береді – бұл уақытты үнемдейді, қолмен енгізу қажеттілігін жояды және қателіктер санын азайтады.
Енді оқу орнының атауы, мамандығы және диплом берілген күні туралы мәліметтер өтініш формасын толтыру кезінде ЖББП-дан тікелей жүктеледі. Интеграция медицина, атом энергетикасы және азаматтық қару айналымы салаларындағы сұранысқа ие бірқатар электрондық қызметтер үшін жүзеге асырылды.
ЖББП-пен интеграция келесі мемлекеттік қызметтер шеңберінде қолжетімді:
ЖББП-пен интеграция әкімшілік процестерді жүйелі цифрландыру жұмысының бір бөлігі болып табылады және лицензиялар мен рұқсаттарды алу рәсімдерін жеңілдетуге бағытталған.
Бұл жаңарту ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі арасындағы ынтымақтастық аясында жүзеге асырылды.