
1 маусымнан бастап Президенттік Жастар кадр резервіне құжаттарды қабылдау басталады, оның бірінші кезеңі 1 маусымнан басталып, 30 маусымға дейін жалғасады.

Қатысушыларға қойылатын талаптар:
1. 35 жасқа дейін;
2. Жоғары білімнің болуы;
3. Еңбек өтілі 5 жылдан кем емес;
4. B1-ден төмен емес деңгейде мемлекеттік тілді меңгергені туралы сертификаттың болуы.

Мемлекеттік тілді меңгергені туралы қолданыстағы сертификат болмаған жағдайда өтініш берген сәтте үміткерге мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйесі бойынша – ҚАЗТЕСТ бойынша Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Ұлттық тестілеу орталығы" ШЖҚ РМК-да немесе qazaq resmi TEST мемлекеттік тілді тестілеудің онлайн-сервисінде бір рет тегін тестілеуден өту мүмкіндігі беріледі "
www.qrt.kz" Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында алынған промокод арқылы. Qazaq RESMI TEST немесе ҚАЗТЕСТТЕ тестілеуден өту үшін ұсынылған промокодты кандидат жеке өзі пайдалануы тиіс.