Бірлік ауылдық округінің әкімі А.Қ.Әржікеев Бірлік орта мектебінің жас мұғалімдерімен және мамандарымен кездесті
Бірлік ауылдық округінің әкімі А.Қ.Әржікеев Бірлік орта мектебінің жас мұғалімдерімен және мамандарымен кездесті.
Кездесу барысында А.Қ.Әржікеев қатысушыларды Президенттік жастар кадрлық резервіне алдағы іріктеу туралы хабардар етті, оның бірінші кезеңі - құжаттарды қабылдау - 1 маусымнан басталып, 30 маусымға дейін жалғасады.
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
1. 35 жасқа дейін;
2. Жоғары білімнің болуы;
3. Еңбек өтілі 5 жылдан кем емес;
4. B1-ден төмен емес деңгейде мемлекеттік тілді меңгергені туралы сертификаттың болуы.
Жиналғандар резервке іріктеу рәсімі туралы сұрақтарға жауап алды.