2025 жылғы 21 ақпанда Басқарма Солтүстік Қазақстан облысы қалаларының әкімдерін, аудандық бөлімдер басшыларын, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының, "Мемқалақұрылысы кадастры" РМК филиалының және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы "КЕАҚ филиалының өкілдерін шақырумен кеңес өткізді.
Кеңес барысында екі мәселе қаралды:
- Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің даму және құрылыс салу схемаларын кезең-кезеңімен әзірлеу және түзету бойынша Жол картасын орындау;
- Бастапқы-рұқсат беру құжаттамасын (сәулет-жоспарлау тапсырмасы, нобайлық жоба) беру және келісу туралы есептілікті ұсыну, салынып жатқан объектілерге мониторингті жүзеге асыру және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарына заңсыз объектілер туралы ақпаратты ұсыну, құрылыс бөлімдерінің облыстың МСҚБ басқармасымен өзара іс-қимылы.
Мұндай кеңестерді МСҚБ басқармасы ай сайын өткізеді.