Қарттар күні – даналық, мейірімділік және құрмет күні! Аға ұрпаққа біздің қамқорлығымыз бен ілтипатымыз қажет екенін бәрімізге тағы бір мәрте ұғындырған мереке.
Бұл күні «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы» КММ қарт адам Ковалев Иван Яковлевичті мерекемен құттықтап, азық-түлік корзинасын сыйлады.
Иван Яковлевич қызметкерлерге алғысын білдіріп, рахметін айтты.