2026 жылғы 14 мамырда МТРК телеарнасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасында жаңа мемлекеттік қызметші Амир Баукеновтен сұхбат алды.

2026 жылғы 14 мамырда МТРК телеарнасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасында жаңа мемлекеттік қызметші Амир Баукеновтен сұхбат алды.

   Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасына жақында бас маман қызметіне тағайындалған Амир Баукенов МТРК телеарнасына берген сұхбатында мемлекеттік қызметке келу туралы шешім қабылдағанын айтты. Оның айтуынша, бұл сала кәсіби тұрғыда дамуға, тәжірибе жинақтауға және қоғамға қызмет етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ ол жауапкершілік, заңдылық және мемлекетке қызмет ету қағидаттарын жоғары бағалайтынын өз ойын жеткізді.

   Амир Баукенов алғашқы әсерімен бөлісіп, E-Qyzmet порталы арқылы электрондық форматта конкурсқа алғаш рет қатысып, Қазақстан Республикасының заңнамасын білу бойынша тестілеуден сәтті өткенін жеткізді. Сонымен қатар, ол мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау, жеке қасиеттерді бағалау, тәжірибелік және ситуациялық тапсырмалардан тұратын кезеңдерден өткенін атап өтті.

   Сондай-ақ басқармада мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінде мемлекеттік қызметте тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беретін екі бос жұмыс орны ашық.