
2026 жылғы 11 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының басшысы Лукин Владислав Геннадьевич Солтүстік Қазақстан облысының «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады.
Қабылдау барысында өңір тұрғындарының өтініштері қаралды. Кездесуге А.В.Волков пен Қ.Х.Төребаева жүгінді, Көтерілген сұрақтар тұрғын үйдің құжаттарын рәсімдеуге, сондай-ақ жол учаскесін жөндеуге қатысты болды.
Әр өтініш иелеріне қолданыстағы заңнама және басқарманың құзыреті шеңберінде толық түсініктемелер берілді. Барлық сұрақтар жұмыс тәртібінде қаралып, өтініш берушілерге қажетті консультациялық көмек көрсетілді.