4 ақпанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті семинар өткізді.

4 ақпанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті семинар өткізді.

     2026 жылғы 4 ақпанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті ұйымдастырған Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алулар және коммуналдық меншік басқармасы мен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының мемлекеттік қызметшілеріне арналған семинар өткізілді.

    Іс-шара барысында Департамент басшысының орынбасары Б. Махатов Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі бағыттары, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама, мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа жүйесі туралы айтып, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын түсіндірді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер туралы ақпарат берілді.

    Бұдан басқа, мемлекеттік қызметтің ашық, сервистік және клиентке бағдарланған моделін қалыптастыруына ерекше назар аударылды.