Есіл ауданында терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығулар өткізу туралы
2025 жылғы 9 сәуірде Явленка ауылында терроризмге қарсы күрес жөніндегі Есіл аудандық жедел штабы терроризмге қарсы жаттығулар өткізеді.
Бұл оқу-жаттығулардың мақсаты - практикалық дағдыларды пысықтау және құқық қорғау, арнайы органдардың күштері мен құралдарының шұғыл әрекет етуге және терроризм актісіне байланысты ықтимал төтенше жағдайлардың жолын кесуге дайындығын тексеру.
Оқу-жаттығу барысында «АЛАН» брондалған доңғалақты көлігі іске қосылады, сондай-ақ Тәуелсіздік, Әбішев, Қизатов, Ыбыраев көшелерінде және Гагарин даңғылында қозғалысқа уақытша шектеулер енгізіледі. Сонымен қатар, аудан тұрғындары мен қонақтарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз.
Солтүстік Қазақстан облыстық
терроризмге қарсы жедел штаб