«Даму және құрылыс схемасы (шағын елді мекеннің бас жоспарының оңайлатылған нұсқасы)» жобаларын стратегиялық экологиялық бағалау бойынша қоғамдық тыңдау өткізілетіні туралы

«Даму және құрылыс схемасы (шағын елді мекеннің бас жоспарының оңайлатылған нұсқасы)» жобаларын стратегиялық экологиялық бағалау бойынша қоғамдық тыңдау өткізілетіні туралы

«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ келесі елді мекендер үшін «даму және құрылыс схемасы (шағын елді мекеннің бас жоспарының оңайлатылған нұсқасы)» жобаларын стратегиялық экологиялық бағалау бойынша қоғамдық тыңдау өткізілетіні туралы хабарлайды: Александровка, Горное, Двинск, Есіл, Леонидовка, Советское.

Тыңдау 2025 жылғы 30 сәуірде сағат 11:00-де СҚО Есіл ауданы, Явленка ауылы, А Иманов көшесі,78А мекенжайы бойынша өтеді.

Барлық мүдделі адамдарды қатысуға және жобаны экологиялық бағалау бойынша ұсыныстар енгізуге шақырамыз.

Ескертулер мен ұсыныстар үшін байланыс:

Телефон: 8 (776) 071 1286

Электрондық пошта: esilstroy@mail.ru

Тапсырыс беруші: «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ  Жобалау ұйымы: «KazGeoSaulet» ЖШС.