Мәслихаттың кезектен тыс 16-сессиясы

Мәслихаттың кезектен тыс 16-сессиясы

2024 жылдың 21 мамырында Есіл ауданының сегізінші шақырылған мәслихатының кезектен тыс 16-сессиясы өткізілді. Сессия жұмысы барысында келесі мәселелер қаралды:

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының 2024-2026 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 11/159 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
  2. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 11/180 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. «Есіл ауданы мәслихаты аппаратының құрылымы, штат саны және Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2024 жылға арналған шығыстарының жалпы сметасы туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 11/164 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Сессия қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.