Ақпарат

Ақпарат

2023 жылғы 27 қаңтарда Есіл аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының және Солтүстік Қазақстан облысы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру және өткізу туралы» тақырыбында семинар-кеңес өткізді, оған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары қатысты.

Қатысушылар 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Есіл аудандық мәслихатының депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарымен егжей-тегжейлі таныстырылды, округтік сайлау комиссия мүшелерінің іс-қимыл жоспарлары мен міндеттері талқыланды, сондай-ақ бақылаушылармен, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен жұмыс істеу кезіндегі іс-қимылдар түсіндірілді.

Округтік комиссия мүшелеріне заңнама нормаларына түсініктемелер және оларды қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.