Халыққа қызмет көрсету орталығына келмей-ақ алуға болатын мемлекеттік қызметтер

Халыққа қызмет көрсету орталығына келмей-ақ алуға болатын мемлекеттік қызметтер

Құрметті қызметті алушылар!

Сіз мемлекеттік қызметтерді онлайн, яғни ХҚКО-ға келместен, келесі тәсілдердің бірімен ала алатыныңызды хабарлаймыз:

  1. E-Gov электрондық үкімет порталы немесе E-Gov mobile қосымшасы арқылы;
  2. Композиттік;
  3. Проактивті.

Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алудың артықшылығы:

- Жеке уақыт пен ақша қаражатын үнемдеу;

- Кезектердің болмауы;

- Онлайн кеңес алу мүмкіндігі;

- Берілген өтінімнің қаралу мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі;

- Деректерді сақтау мен өңдеудің орталықтандырылған жүйесі болып табылады.

E-Gov электрондық үкімет порталында немесе E-Gov mobile қосымшасында келесі сұранысқа ие қызмет көрсетулерге өтініш беруге болады:

  1. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі;
  2. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;
  3. Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;
  4. Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анасына немесе әкесіне, бала асырап алушыға, қорғаншысына (қамқоршысына) жәрдемақы;
  5. Бала тууға байланысты және баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша әлеуметік жәрдемақы;
  6. Көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақы;
  7. Бала кезінен 1-топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы;
  8. Жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақы;
  9. Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлем;
  10. Жүктілігі және босануы бойынша табысынан айырылуына байланысты баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша әлеуметік жәрдемақы;
  11. Жұмысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы;
  12. Міндетті әлеуметтік сақтандырудың әлеуметтік аударымдары туралы ақпарат (сілтеме: https://egov.kz/cms/ru/services/job_search/pass171-6_mtszn );
  13. Медициналық қызметтер туралы және МӘМС-те көрсетілген сомалар туралы ақпарат (сілтеме: https://egov.kz/cms/ru/services/pension/pass160_mtszn ) ;
  14. Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу (сілтеме: https://egov.kz/cms/ru/services/health_care/pass171-2_mz) .

Композиттік қызметтер

Композиттік қызмет - бұл бір өтініштің негізінде электрондық нысанда көрсетілетін бірнеше мемлекеттік қызметтердің жиынтығы. Мысалы: мүгедектік белгіленген кезде медициналық - әлеуметтік сараптама бөлімшесінің қызметкерлері мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша әлеуметтік төлем тағайындауға өтінішті бірден қабылдайды және осы ақпаратты Мемлекеттік корпорацияға электрондық түрде жібереді. Тиісінше, Мемлекеттік корпорация осы құжаттарды алғаннан кейін іс макетін қалыптастыру рәсімін бастайды және қалыптастырылған шешім жобасы мемлекеттік органға жіберіледі.

Әлеуметтік сала бойынша композиттік  келесі қызметтер көрсетіледі

  1. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;
  2. Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған адамдарға берілетін жәрдемақы;
  3. Еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша әлеуметтік төлем;
  4. Жұмысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы.

Проактивті қызметтер

Проактивті қызмет - электрондық нысанда көрсетілетін, қызмет көрсету субъектісінің бастамасы бойынша ұсынылатын мемлекеттік қызмет, онда ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы ұсынылған қызметті алу субъектісінің міндетті келісімі қажет.

Бұл (проактивті) қызметтің артықшылығы - мобильді азаматтар базасында (бұдан әрі-АМТ) оның ХҚКО бөлімдеріне жеке жүгінбестен тіркелген адамға, мемлекеттік қызметті үйден шықпай-ақ кез келген ыңғайлы уақытта ресімдеу мүмкіндігі, онда алынған СМС-қа жауап ретінде талап етілетін ақпаратты жіберу жеткілікті.

Ол үшін азаматтарға мобильді азаматтар базасында тіркелу үшін тұрғылықты жері бойынша ХҚКО бөлімдеріне жүгіну қажет немесе жүйе хабарламаны қайда жіберу керектігін білуі үшін "Электрондық үкімет" порталында тіркелуге болады.

Мысалы: бұл баланың туу туралы куәлігін алу, оны балабақшаға кезекке қою және үйден шықпай СМС-хабарламаларға жауаптар арқылы жәрдемақы алу мүмкіндігі.

Қызмет мобильді азаматтар базасында тіркелген жаңа босанған аналарға көрсетіледі.

Қызметті 1414 қысқа нөмірінен келетін СМС-хабарламаларға жауаптардың көмегімен алуға болады.

Бірінші хабарлама бала туылған сәттен бастап бір күн ішінде келеді.

Жауап 3 күн ішінде күтіледі. Егер көрсетілген кезеңде жауап берілмесе, онда көрсетілетін қызметті алушы ХҚКО-ға жүгінуі қажет.

Әрбір келіп түскен SMS-хабарламада жауап беру әдістерінің толық сипаттамасы бар, содан кейін сіз сұраққа дұрыс жауап бере аласыз. Хабарлама ағылшын тіліндегі R бас әріптен басталуы керек тырнақшаларсыз және осы әріптің алдындағы бос орындарсыз. Қате жауап болған жағдайда қате туралы SMS хабарлама келіп түседі және қайтадан жауап беру ұсынылады.

Қызмет мобильді азаматтар базасында тіркелмеген клиентке, сондай-ақ егер оның 2007 жылдан асқан балалары болса немесе 2008 жылға дейін неке қиылған болса, көрсетілмейді.

Мобильді азаматтар базасында "Электрондық үкімет" порталында, ХҚКО-да тіркелуге болады.

Қызмет мүлдем тегін. СМС-хабарламаларды жіберу үшін төлем алынбайды. Бірақ SMS-хабарламаларды жіберу мүмкіндігі үшін оң теңгерім болуы керек.

Қызметті алушылар келесі әлеуметтік қызметтерді проактивті түрде ала алады:

  1. Мүгедектігі бойынша МӘЖ
  2. Асыраушысынан айрылу бойынша МӘЖ
  3. Бала туу және баланың күтімі бойынша жәрдемақы
  4. Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған адамдарға берілетін жәрдемақы
  5. Көп балалы аналарға жәрдемақы
  6. Көп балалы отбасыларға жәрдемақы
  7. Еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша әлеуметтік төлем
  8. Жұмысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы
  9. Табысынан айырылуына байланысты баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша әлеуметік жәрдемақы
  10. Асыраушысынан айрылу жағдай бойынша әлеуметтік төлем
  11. Инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының (Мемлекеттік кепілдік) сомасы арасындағы айырма төлемі.