Egov.kz порталында әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар рәсімдеу үшін арнайы шотты автоматты түрде алу қолжетімді болды

Egov.kz порталында әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар рәсімдеу үшін арнайы шотты автоматты түрде алу қолжетімді болды

Процесті қайта қараудың арқасында жеті әлеуметтік төлем алу ыңғайлырақ әрі жеңілірек бола түсті. Электрондық үкімет порталында үш банкте арнайы шоттарды автоматты түрде ашу мүмкіндігі пайда болды (eGov.kz).

Енді eGov.kz порталында әлеуметтік төлемдерді, жәрдемақыларды және зейнетақыларды рәсімдеу үшін өтініш берген кезде 20 таңбалы шот нөмірін (IBAN) қолмен енгізудің қажеттілігі болмайды. Жүйе қолжетімді шоттарды өтініш берушінің ЖСН-і бойынша алады, бұл өз кезегінде шот нөмірін қате енгізу мүмкіндігін болдырмайды. Жәрдемақы алу үшін арнайы шотты еліміздің үш банкінде ашуға болады: Halyk Bank, Kaspi.kz және «Банк ЦентрКредит» АҚ.

Бұл функция ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (ҚР ЕХӘҚМ) келесі әлеуметтік мемлекеттік қызметтерінде қолжетімді:

  1. Бала тууға және бала күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау;
  2. Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анасына немесе әкесіне, асырап алушыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындау;
  3. Мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау;
  4. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау;
  5. Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау;
  6. Көп балалы отбасыға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
  7. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау.

Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде арнайы шот ашу үшін пайдаланушылар:

  • қажетті қызметті таңдап, толтырылуы міндетті жолдарды толтыру қажет;
  • тізімнен банкті таңдау қажет (Halyk Bank, Kaspi.kz және «Банк Центр Кредит» АҚ және т.б.);
  • ақша аудару үшін шотты таңдау қажет (шот банк жүйесінен автоматты түрде алынады);
  • қолжетімді әдістердің бірін пайдаланып, өтінімге қол қою және оның өңделуін күту қажет.

Арнайы банктік шот болған жағдайда, ол тізімде көрсетіледі және сұрау салу уәкілетті органының (ҚР ЕХӘҚМ) қаралуына жіберіледі. Сұраныс статусы туралы ақпаратты eGov.kz сайтындағы пайдаланушының Жеке кабинетінде қадағалауға болады.

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ
СҚО бойынша филиалының
баспасөз қызметі