Жұмыс сапары барысында демалыс аймағының аумағы қаралып, жағажай аумағының жағдайы, инфрақұрылым нысандары және жазғы кезеңде демалушыларды қабылдауға дайындығы тексерілді. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, аумақтың санитарлық жағдайы, демалыс орындарын ұйымдастыру және келушілердің жайлы демалуы үшін қажетті талаптардың сақталуы мәселелеріне ерекше назар аударылды.