
2026 жылғы 17 ақпанда Е.Е.Оспановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы Н.Э. Жанмурзинаның қатысуымен Есіл ауданында Қоғамдық кеңестің отырысы өтті, онда мемлекеттік қызмет көрсету сапасы туралы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігі әкімі аппаратының ақпараты тыңдалды.
Қоғамдық кеңес барысында қатысушылар пікір алмасып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Қоғамдық тыңдау нәтижелері бойынша СҚО Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Департаментімен ұсыныстар және оларды орындау мерзімдері берілді