
2026 жылғы 14 қаңтарда Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезектен тыс отырысы өтті.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе Қазақстан Республикасының «Құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы» Заңының ережелерін түсіндіру болды. Отырыс барысында комиссия мүшелері заңнамадағы өзекті өзгерістерді, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимыл тетіктерін, сондай-ақ профилактикалық шараларды іске асырудың құқықтық аспектілерін талқылады.
Заң нормаларын іс жүзінде қолдану арқылы қылмыс деңгейін төмендету және қоғамдық тәртіпті нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Талқылау қорытындысы бойынша комиссия мүшелері профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар ұсынымдар әзірледі.