8 қаңтар күні Есіл ауданының әкімі Мереке Мұхамедияров жұмыс сапарымен Николаевка ауылына барып, IT-орталығын құру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысты.
Бүгінгі таңда жоба аясында ауқымды жұмыстар атқарылды: ғимарат дайындалып, жөндеу жұмыстары жүргізілді, негізгі инженерлік коммуникациялар тартылды, орталықты заманауи жабдықтармен жабдықтау жұмыстары жалғасуда.
IT-орталықтың ашылуы цифрлық дағдыларды үйренуге қолайлы жағдай жасап, жастар бастамаларын дамытуға және аудан тұрғындарының цифрлық сауаттылық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.