🔷Есіл ауданы әкімі аппаратының басшысы В.Краснощёк жергілікті атқарушы органдарының басшылары мен ауылдық округ әкімдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында қатысушылар Президенттік жастар кадрлық резервіне алдағы іріктеу туралы хабардар етілді, оның бірінші кезеңі - құжаттарды қабылдау - 1 маусымнан басталып, 30 маусымға дейін жалғасады.
❗ Қатысушыларға қойылатын талаптар:
1. 35 жасқа дейін;
2. Жоғары білімнің болуы;
3. Еңбек өтілі 5 жылдан кем емес;
4. B1-ден төмен емес деңгейде мемлекеттік тілді меңгергені туралы сертификаттың болуы.
✅Қатысушылар резервке іріктеу рәсімі туралы сұрақтарға жауап алды.