"Таза Қазақстан" акциясы аясында Заградовка ауылының аумағында ҰОС ескерткішіне іргелес аумаққа көшет отырғызу жұмыстары жүргізілді және И.К. Шоль және Мир көшелерінің қиылыстарында гүлзарлар салынды. "Заградовское" ЖШС күшімен жалпы сомасы 5,2 млн. теңгеге 340 көшет сатып алынды. Сондай-ақ, ҰОС ескерткішін абаттандыру жұмыстары жүргізілді, атап айтқанда қоршаулар ауыстырылды, ағаштар ақталды және көшеттерді отырғызуға топырақтар дайындалды. Бұл іс-шараларға "Заградовское" ЖШС ұжымы, Заградовка ОМ және жергілікті тұрғындар белсенді қатысты. Сондай-ақ, ауылдық округті абаттандыруға аға буын және жас ұрпақ қатысты!