Жоба шешемі

Жоба шешемі

Жоба

                             

 

 

«Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданы Явленка ауылдық округінің

2025-2027 жылдарға арналған

бюджетін бекіту туралы»

Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданы мәслихатының

2024 жылғы 27 желтоқсандағы

№ 23/375 шешіміне

өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Явленка ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2024 жылғы                     27 желтоқсандағы № 23/375 шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

          1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

          1) кірістер – 455 588 мың теңге:

          салықтық түсімдер – 124 200 мың теңге;

          салықтық емес түсімдер - 0 мың теңге;

          негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 2 138 мың теңге;

          трансферттердің түсімдері – 329 250 мың теңге;

          2) шығындар – 458 857,2 мың теңге;

          3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 мың теңге:

          бюджеттік кредиттер - 0 мың теңге;

          бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 мың теңге;

          4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:

          қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;

          мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;

          5) бюджет тапшылығы (профициті) - -3 269,2 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) -                3 269,2 мың теңге:                                                                              

          қарыздар түсімі - 0 мың теңге;

          қарыздарды өтеу - 0 мың теңге;

          бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 3 269,2 мың           теңге.»;

          келесі мазмұндағы 1-1 тармақпен толықтырылсын:

          «1-1. 4 қосымшаға сәйкес Явленка ауылдық округінің бюджетінде қаржы жылының басында қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен шығындар көзделсін».

Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

көрсетілген шешім осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес, 4 қосымшамен толықтырылсын.

  1. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

         

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданы мәслихатының төрағасы

 

 

 

                            Е. Тұтқышев