ҰОС жеңісінің 81-жылдығына арналған іс-шара

ҰОС жеңісінің 81-жылдығына арналған іс-шара

2026 жылдың 9 мамыр күні Николаевка ауылының ескерткіш алаңында Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 81 жыл толуына арналған салтанатты митинг өтті. Іс-шараға ауыл тұрғындары, мектеп оқушылары, тыл ардагерлері, мекеме қызметкерлері және ауыл жастары қатысты.
Митингтің басты мақсаты – сұрапыл соғыс жылдарында ерлік көрсеткен батырларды еске алып, олардың рухына тағзым ету, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру болды.
Іс-шара барысында мектеп оқушылары Отан, ерлік, бейбітшілік тақырыбында өлеңдер оқып, әндер орындады. Жиналған қауым майданда қаза тапқан боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Мерекелік митингте Николаевка ауылдық округінің әкімі
Кабдуалиев Далабай Нұрланұлы сөз сөйлеп, ардагерлерге алғысын білдіріп, бейбіт өмір мен ел бірлігінің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар тыл ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, жылы лебіздер айтылды.
Шараның ұйымдастырылуына Николаевка мәдени-демалыс орталығы қызметкерлері белсенді атсалысты. Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.
Осындай тағылымды шаралар арқылы жас ұрпаққа ел тарихын дәріптеп, ардагерлердің ерлігін ұмытпау – баршамыздың ортақ міндетіміз екені тағы бір мәрте айқындалды.