
2025 жылғы 30 қазанда Халықаралық қарттар күніне арналған айлық шеңберінде Николаевка ауылдық округінің Мәдениет үйінде аудан әкімі Мереке Тлеужановичпен кездесу өтті. Кездесу барысында ақ жаулықты аналар мен ардақты аталар аудан басшысымен еркін әңгімелесіп, өз ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Шара жылы әрі шынайы жүздесуге толы, мазмұнды өтті.
Сондай-ақ, осы күні аудан әкімі 45 жыл отасқан Ескендировтар отбасына барып, шаңырақтарына амандық, денсаулық пен береке тіледі.