
Конкурсқа жеке және заңды тұлғалардан 4 өтініш түсті.
Комиссия, конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу нәтижесінде, өтінімдер мен конкурстық ұсыныстарды зерделеп, олардың толықтығына, жолдар арасындағы ендірмелерге, өшірулерге немесе қосып жазуларға, құжаттардағы барлық қолдардың толықтығына, сондай-ақ тұтастай алғанда, конверттерді, өтінімдерді және конкурстық ұсыныстарды ресімдеудің дұрыстығына және құжаттардың Жер кодексіне және конкурсты ұйымдастыру мен өткізу ережелеріне сәйкестігін зерделеп, Шешім шығарды:
№ 1 лот бойынша жер учаскесін беру туралы - 62 (алпыс екі) балл жинаған, «Рустикус» ЖШС конкурстық өтінімі жеңімпаз деп танылсын.