Құрметті аудан тұрғындары!
2025 жылғы 11 қазан күні сағат 10:00-де «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында аумақты абаттандыру және тазарту бойынша сенбілік өтеді. Бұл күні тұрғын үйлердің маңында, іргелес аумақтарда, саябақтар мен аллеяларда түскен жапырақтар мен жиналған қоқысты тазалау жоспарлануда.
Барша тұрғындарды, еңбек ұжымдарын, ұйымдар мен мекемелерді меншік түріне қарамастан азаматтық белсенділік танытып, ауданымыздың тазалығы мен жайлылығына өз үлесін қосуға шақырамыз.