2025 жылғы 8 қыркүйекте Амангелді ауылдық округі әкімі аппаратының, кітапхананың, демалыс орталығының, медициналық пунктінің ұжымы Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын тыңдап, оны үлкен қызығушылықпен қабылдады.
Онда цифрландыру мен экономикалық тәуелсіздіктен бастап ел дамуының басымдықтары нақты көрсетілген.
Жолдаудың азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға, кәсіпкерлердің мүдделерін қорғауға және әділ, заманауи мемлекет құруға бағытталғаны ерекше маңызды.