2025 жылғы 23 мамырда Амангелді орта мектебінде оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиын өтті!
"Соңғы қоңырау" 11 сынып оқушыларына арналған.
Мерекелік залда құттықтаулар мен тілектер айтылды.
Ауылдық округ әкімі Б.С. Исмағұлов барлық оқушыларды, түлектерді, мұғалімдер мен ата-аналар ұжымын құттықтап, табыс пен бар жақсылықты тіледі!
Сондай-ақ, Есіл ауданы әкімінің атынан 2025 жылдың мамыр айында Қызылжар ауданында су тасқынына қарсы күреске қатысқан мектеп қызметкерлеріне алғыс хаттар табыс етті: Аниканов А. Д., Жамбылов Т. А., Қожантаев Ж.А., Пакошев Н. Б.