22 наурызда сағат 20-30-дан 21-30-ға дейін облыс аумағында «Жер сағаты» акциясы өткізілді (климаттың өзгеруі және ресурстарды ұтымды тұтыну проблемаларына назар аудара отырып, жарық пен электр аспаптарын ажырату).
Акцияның мақсаты - ғаламшардың табиғаты мен ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттігіне назар аудару.
Дәстүрлі түрде әртүрлі экологиялық тақырыптарға назар аудару үшін бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдар үйлері мен пәтерлеріндегі жарықты символикалық түрде өшіреді. Бұдан басқа, әлемнің мыңдаған сәулет ескерткіштері мен маңызды ғимараттары жарықтандыруды өшіреді.
Акцияға 600-ден астам адам қатысты, облыстың 140-тан астам нысанында жарық сөндірілді.