Порядок публичных слушаний

Порядок публичных слушаний

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» КММ «Солтүстік Қазақстан облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 186 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысының жобасын бекіту мақсатында жария тыңдаулар өткізуді жоспарлайды.

Мәслихаттардың депутаттары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, табиғи монополиялар субъектілерінің, тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалардың өкілдері шақырылады.

Жария тыңдауларды өткізу мерзімі туралы қосымша хабарланатын болады.