Сыбайлас жемқорлықты iшкi талдау жиындарын таңдау

Сыбайлас жемқорлықты iшкi талдау жиындарын таңдау

2022 жылғы 23 тамызда энергетика және ТКШ басқармасында облыстық мәслихаттың депутаты Е.Ю. Кинцельдiң шақыруымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдаудың нәтижелерiн жария тыңдау және талқылау өткiзiлдi.

Өткiзiлген кездесу барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекiтiлген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдау жүргiзу қағидаларының 8-тармағына сәйкес жұмыс жүргiзiлген негiзгi бағыттар талқыланды.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдау жүргiзу барысында әзiрленген iс-шаралар жоспарының басқарма орындаған тармақтары айтылды.

Кездесу барысында облыстық мәслихат депутаты Е.Ю. Кинцель сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн iшкi талдау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу бойынша ұсыныстар айтты.