Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылардың мөлшерін және санаттарының тізбесін айқындау туралы

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылардың мөлшерін және санаттарының тізбесін айқындау туралы

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 14-1-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-9-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Осы шешімге қосымшаға сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылардың мөлшерін және санаттарының тізбесін айқындалсын.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылардың мөлшері мен санаттарының тізбесі

  1. Әрбір алушыға арналған тұрғын үй сертификаттарының мөлшері:

1) тұрғын үй несиесі сомасының 10 пайызы, бірақ 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде әлеуметтік көмек түрінде;

2) тұрғын үй несиесі сомасының 10 пайызы, бірақ 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде әлеуметтік қолдау түрінде.

  1. Тұрғын үй сертификаттарын алушылардың санаттарының тізбесі:

1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

2) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне жеңілдіктері бойынша теңестірілген ардагерлер;

3) басқа мемлекеттердің аумақтарында ұрыс қимылдарына қатысқан ардагерлер;

4) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;

5) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

6) уәкілетті орган бекітетін аурулар тізімінде көрсетілген кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;

7) жасына байланысты зейнеткерлер;

8) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жиырма тоғыз жасқа толмаған, кәмелеттік жасқа дейін ата-анасынан айырылған жетім балалар;

9) кандастар;

10) экологиялық апаттар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан баспанасынан айырылған адамдар;

11) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ «Ана даңқы» ордендерімен I және II дәрежелі наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;

12) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау, әскери қызмет атқару, ғарыш кеңістігіне ұшу кезінде дайындық немесе оны жүзеге асыру, адам өмірін құтқару, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;

13) толық емес отбасылар;

14) асырауында кәмелетке толмаған балалары және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алып жатқан (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) балалары бар жесір әйелдер (жесір ерлер).

15) денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру салаларындағы бюджеттік ұйымдарда еңбек қызметін жүзеге асыратын, еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық бақылау деректері негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 бұйрығымен бекітілген «Ұлттық еңбек ресурстарын болжау жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» қағидаларға сәйкес қалыптастырылатын еңбек ресурстары болжамын ескере отырып айқындалатын сұранысқа ие мамандар (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32546 болып тіркелген).

 

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылардың мөлшерін және санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешім жобасына Пресс-релиз

 

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 30 мамырда № 36186 болып тіркелген) сәйкес Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидалары бекітілді.

Жоғарыда аталған Қағидалардың 3-параграфына сәйкес Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесін және мөлшерін айқындау туралы» шешімінің жобасын әзірледі:

  1. Әрбір алушы үшін тұрғын үй сертификаттарының мөлшері:

1) әлеуметтік көмек түрінде тұрғын үй қарызы сомасының 10 пайызы, бірақ 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайды;

  1. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі:

1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

2) жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;

3) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлерi;

4) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;

5) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

6) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін аурулар тізімінде санамаланған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;

7) жасы бойынша зейнеткерлер;

8) кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

9) қандастар;

10) экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;

11) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;

12) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;

13) толық емес отбасылар;

14) асырауында кәмелетке толмаған балалары және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша оқитын, бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейінгі балалары бар жесірлер (тұл ерлер).

15) еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде, сондай-ақ "Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32546 болып тіркелген) бекітілген Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларына сәйкес қалыптастырылатын еңбек ресурстарының болжамын ескере отырып, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру салаларындағы бюджеттік ұйымдарда еңбек қызметін жүзеге асыратын сұранысқа ие мамандар.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі мен мөлшері бұрын бекітілген шешім деңгейінде қалды, әлеуметтік қолдау түрінде тұрғын үй қарызы сомасының 10 пайызы, бірақ 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын 1-тармақтың 2-тармақшасын қоспағанда, өйткені Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларының 41-тармағында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама шеңберінде тұрғын үй сатып алған немесе Заңға сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын алған кезде Тізбеге сәйкес келетін адамдарға тұрғын үй сертификаттарын өтеусіз және қайтарымсыз негізде беру көзделген.