Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының күшін жойған кейбір шешімдерінің тізбесі

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының күшін жойған кейбір шешімдерінің тізбесі

Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Осы шешімге қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерін күшін жойған деп танылсын.

  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының күшін жойған кейбір шешімдерінің тізбесі

  1. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылардың санаттары мен мөлшерін айқындау туралы» 2019 жылғы 4 қазандағы № 37/4 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5621 болып тіркелген);

  2. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 4 қазандағы № 37/4 «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылардың санаттары мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2021 жылғы 22 қарашадағы № 11/3 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25627 болып тіркелген);

  3. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 4 қазандағы № 37/4 «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылардың санаттары мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2023 жылғы 30 маусымдағы № 4/10 шешімі (Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 3 шілдеде № 7546-15 болып тіркелген);

  4. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 4 қазандағы № 37/4 «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылардың санаттары мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2025 жылғы 28 наурыздағы № 23/5 шешімі (Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 3 сәуірде № 7883-15 болып тіркелген).