«Қазақстан Республикасының Су кодексінің» 26 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 22 тамыздағы № 306 «Ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ауызсу беру жөніндегі қызметтердің құны Солтүстік Қазақстан облысы бойынша субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауыз судың бір текше метріне төлемақы мөлшері бекітілсін:
1) тұтыну нормативі шегінде өз мұқтажы үшін ауыз суды пайдаланатын халық үшін 1 текше метр ауыз су үшін - 120 теңге;
2) ауыз суды өз мұқтажы үшін пайдаланатын халық үшін суды тұтыну нормативтері бір адамға тәулігіне 140 литр көлемінде асып кеткен жағдайда 1 текше метр ауыз су үшін - 156 теңге.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 31 тамыздағы № 20/8 «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Осы шешім 2026 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының төрағасы
В. Бубенко