2025 жылғы 13 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Мамлют қаласының «Amanat» партиясының ғимаратында, Халыққа қызмет көрсету орталығында және Мамлют аудандық емханасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топтың жұмысы шеңберінде ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің СҚО бойынша департамент басшысының орынбасары А.К. Көшербаевпен еңбек заңнамасы аясында халыққа заңгерлік кеңес берілді.
Жобаның негізгі мақсаты-тұрғындарға, әсіресе шалғайдағы елді мекендерге құқықтық көмек көрсету және мүмкіндігінше заң шеңберінде азаматтардың өзекті мәселелерін шұғыл шешу.
Кеңесшілер мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, аймақтың заңгерлері мен адвокаттары болды.
Жыл бойы мобильді топ облыстың барлық аудандарына баруды жоспарлап отыр.