
2025 жылғы 28-29 сәуірде Астана қаласында Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орайластырылған «Қауіпсіз еңбек: жаңа сын-тегеуріндер мен цифрлық шешімдер» атты халықаралық көрме-форум өткізіледі.
Аталған іс-шара аясында еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы отандық өндірушілер мен өнім берушілер көрмесі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы жаңа тәсілдер мен өзгерістер туралы дөңгелек үстелдер мен семинарлар өтеді.
Халықаралық көрме-форумға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің СҚО бойынша департаментінің басшысы Сабаганов Мирас Капетович қатысады.