«Севказэнерго» АҚ-да түсіндіру жұмыстары

«Севказэнерго» АҚ-да түсіндіру жұмыстары

Жұмысшы кәсіптер жылы шеңберінде 2025 жылғы 23 сәуірінде ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің СҚО бойынша департаментінің орынбасары А.К. Көшербаев Петропавл қаласы прокуратурасымен бірлесіп, жұмыс орындарында өндірістік жарақаттанудың алдын алу бойынша еңбек заңнамасы, атап айтқанда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша «Севказэнерго» АҚ-да түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Түсіндіру жұмыстары қауіпті еңбек жағдайларына ұшыраған қызметкерлермен жүргізілді.

Семинарға «Севказэнерго» АҚ-нің мамандары қатысты, олар кездесу барысында туындаған барлық өзекті мәселелерге тиісті түсініктемелер алды.