Ағымдағы жылғы 21 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Арықбалық ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары А.К. Кушербаев «Арна» ФҚ қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша жұмыс кездесуін өткізді.
Бұл кездесуге Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Арықбалық ауылдық округінің әкімі А.А. Әшімов, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары Д.Т. Серғазин және «Арна» ФҚ 15 қызметкері қатысты.
Жұмыс кездесуі барысында ФҚ қызметкерлерінің талаптары тыңдалды және кездесу барысында туындаған жалақы бойынша берешекке, еңбек шартын жасауға қатысты сұрақтарға тиісті түсініктемелер берілді.