Көктемгі егіс жұмыстары қарсаңында және Қазақстан Республикасының 2024-2030 жылдарға арналған Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасының 17-тармағын орындау мақсатында өңірдің жұмыс берушілері арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша семинарлар өткізу көзделген.
Осыған байланысты, 2025 жылғы 21 сәуірде ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторлары А.Г.Закерьянов, А.Н. Бейсембин , және
М.Б. Жунусова Жамбыл, Шал Ақын, Ғ.Мүсрепов аудандарының кәсіпорындарымен өндірістік жарақаттанудың алдын алу бойынша шаралар қабылдауға қатысты онлайн семинарлар өткізді.
Аталған іс-шараға жоғарыда аталған аудандар кәсіпорындарының 39 өкілі қатысты.
Сондай-ақ, семинарға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.