Ауыл шаруашылығы облысының кәсіпорындары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Ауыл шаруашылығы облысының кәсіпорындары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Көктемгі егіс жұмыстары қарсаңында және Қазақстан Республикасының 2024-2030 жылдарға арналған Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасының 17-тармағын орындау мақсатында өңірдің жұмыс берушілері арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша семинарлар өткізу көзделген.

Осыған байланысты, 2025 жылғы 11 және 14 сәуірде ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторлары А. М. Валеев және М. А. Чингисова Есіл, Тайынша, Айыртау, Мамлют аудандарының кәсіпорындарымен өндірістік жарақаттанудың алдын алу бойынша шаралар қабылдауға қатысты онлайн семинарлар өткізді.

Аталған іс-шараға жоғарыда аталған аудандар кәсіпорындарының 73 өкілі қатысты.

Сондай-ақ, семинарға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.