2023 жылғы 31 қазанда мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасында үй – жайлардағы электр қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі ережелерінің нормаларын сақтау мәселесі бойынша құқықтық жалпы оқыту өткізілді, осы іс-шараға Петропавл қаласының төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы - Саян Егінбайұлы Ахметжанов шақырылды.
Семинар барысында басқарма қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға жауап алды.