
28.09.2023 жылы кәсіподақтар үйінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.А. Сарбасовтың жұмыс сапары аясында Солтүстік Қазақстан облысының кәсіподақ активімен кездесу өтті. Аталған іс-шараға мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы басшысының м.а. М.Қ. Сабағанов қатысты.
Кездесуде келесі мәселелер талқыланды: 2030 жылға дейін Қауіпсіз еңбек Тұжырымдамасын қабылдау; ең төменгі жалақы мен ең төменгі күнкөріс деңгейін есептеу әдістемесін өзгерту; ұжымдық шарттарды цифрландыруды енгізу және т. б.