2023 жылғы 22 қыркүйекте Еңбек күніне арналған форум аясында Астана қаласында еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлері арасында жыл сайынғы «Еңбек жолы» республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. «Өндірістің үздік жас қызметкері» номинациясы бойынша біздің жерлесіміз Уатаев Әлібек Ғалымұлы («ПАМЖЗ» АҚ қызметкері, Петропавл қ.) 3 –ші орынды иеленді.
Уатаев Әлібек Ғалымұлы 2019 жылғы 23 шілдеден бастап зауыттағы құрастыру-механикалық цехы учаскесінің шебері болып жұмыс атқарады. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Көлік, көлік техникасы және технологиялар» мамандығы бойынша бітірген соң, бірден № 5 цехқа (құрастыру) өндірістік шебер лауазымына жұмысқа қабылданды. Арнайы бұйымдарды монтаждаумен айналысты. Конструкторлық және технологиялық құжаттаманы зерделеумен айналысады. Кәсіпорындағы еңбек өтілі 4 жылды құрайды.