Ашық есік күні

Ашық есік күні

Еңбек күнін мерекелеу шеңберінде және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы № 1147 қаулысымен бекітілген түрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозициямен ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының 20-тармағын орындау мақсатында мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасында 2023 жылғы 25 қыркүйекте Ашық есік күні өткізілді.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары телефон байланысы арқылы да, азаматтарды қабылдау барысында да еңбек заңнамасының нормаларын түсіндірді.

Барлығы 38 өтініш білдіруші кеңес алды (жеке қабылдау барысында -23, телефон байланысы арқылы-15).