Сенбілікті қауіпсіз өткізуді қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар

Сенбілікті қауіпсіз өткізуді қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар

Дәстүр бойынша сәуір айында көктемгі сенбіліктер басталады. Саябақтар мен скверлер, үй маңындағы учаскелер мен ішкі өндірістік аумақтар тазаланады. Сенбіліктерді қауіпсіз және тиімді өткізу үшін басшылар мен ЕҚжҚ мамандары мынадай іс-шараларды өткізуі керек.

1-іс-шара. Қызметкерлерді еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықпен қамтамасыз ету.

Аумақты жинау жұмыстарына:

- медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ;

- мақсатты нұсқаулықтан өткен қызметкерлер жіберіледі;

Нұсқаулықта жұмысшылардың қорғаныс құралдарын міндетті түрде қолдануы, зиянды және қауіпті өндірістік факторлар, құралмен, биіктікте және т. б. жұмыс істеу тәртібі көзделуі тиіс.

2-іс-шара. Жұмысты дұрыс жоспарлап, ұйымдастыру.

Алдын ала жұмыс жоспарын жасаңыз және жұмысты дұрыс ұйымдастыруды қамтамасыз етіңіз. Жұмысты жақсы ұйымдастыру Жұмысшылардың шамадан тыс жүктелуіне, шаршауына жол бермейді. Егер көлік қозғалысы аймағында жұмыс істеу қажет болса, алдын-ала портативті сигналдық қоршауларды дайындаңыз. Қоршауларды көлік қозғалысы жағынан жұмыстар жүргізілетін жерден 5-7 метр қашықтықта қою қажет.

3-іс-шара. Мақсатты нұсқама беруді ұмытпау.

Нысаналы нұсқама мамандық бойынша тікелей міндеттермен байланысты емес біржолғы жұмыстарды орындау кезінде жүргізіледі. Нұсқама өткізгеннен кейін ЕҚжҚ жөніндегі нұсқама тіркеу журналында жазба жасап, қол қойыңыз.

4-іс-шара. Жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталуын бақылауды қамтамасыз ету.

Жауапты қызметкерлер сенбілікке қатысушылардың жеке қорғаныс құралдары мен нұсқаулық ережелерін қолдануын қамтамасыз етуі керек.

5-іс-шара. Қорытынды жасап, қатысушыларға алғыс айту.

Егер жұмыс дұрыс жоспарланса, әдеттегі тазалау жұмысы таза ауада қауіпсіз тимбилдингке айналуы мүмкін, ол ұжымды біріктіруге, қаланы таза етуге септігін тигізетіні анық!

 

Мемлекеттік еңбек инспекциясы

басқармасының басшысы-облыстың

бас мемлекеттік еңбек инспекторы                                   М. Омаров