Әлеуметтік аударымдар мәселесі бойынша кеңес

Әлеуметтік аударымдар мәселесі бойынша кеңес

25.01.2023 жылы басқарма басшысы М. Қ. Омаров облыс кәсіпорындарында әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өтеу мәселесі бойынша кеңес өткізді. Кеңеске "МӘСҚ" АҚ облыстық филиалының директоры А.С. Жүнісова, аудан және Петропавл қаласы әкімдерінің орынбасарлары, кәсіпорындардың басшылары қатысты. Кәсіпорын басшылары әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өтеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті. Бұл мәселе ерекше бақылауға алынды.