ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алқасы

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алқасы

ҚР Премьер-Министрі Ә. А. Смайыловтың қатысуымен, Еңбек министрі Т. Қ. Дүйсенованың төрағалығымен 2023 жылғы 12 қаңтарда облыстық әкімдік ғимаратында бейнеконференцбайланыс режимінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2022 жылғы жұмыс қорытындылары және 2023 жылға арналған міндеттер туралы кеңейтілген алқа отырысы өтті.

Еңбек министрі Т. Қ. Дүйсенова Еңбек министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарымен таныстырды, оның негізгі мақсаты өмірлік қиын жағдайлардың салдарын жоюға емес, алдын алуға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік саясат болып табылады.

5 стратегиялық бағыт ұсынылды:

  • цифрландыруды тереңдету;
  • атаулы әлеуметтік қолдауды күшейту;
  • азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу;
  • еңбек қатынастарын дамыту;
  • сақтандыру жүйесін дамыту.

4-стратегиялық бағытты іске асыру шеңберінде еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау жүйесін қайта қарау жоспарлануда.