Өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету жөніндегі жол картасын орындау аясында семинар-кеңес өткізілді

Өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету жөніндегі жол картасын орындау аясында семинар-кеңес өткізілді

2022 жылғы 9 желтоқсанда өндірістік жарақаттануды төмендетудің алдын алу мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасында өндірістік жарақаттану деңгейін және еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыс орындарын төмендету жөніндегі жол картасын орындау шеңберінде мемлекеттік еңбек инспекторы В. Құрмашевтың төрағалығымен Айыртау ауданының кәсіпорындарымен семинар өткізілді.

Аталған іс шараға ауданның 15-тен астам ұйымының өкілдері қатысты.

Семинар-кеңеске қатысушылар мынадай мәселелер бойынша хабардар етілді:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2022 жылғы 11 айдағы жазатайым оқиғаларды талдау және статистика;
  2. Өндірістік салада еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету;
  3. Еңбек шарттарын жасаспай құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қосалқы мердігерлік кәсіпорындардың қызметкерлерін тарту;
  4. 2023 жылғы 01 қаңтардан бастап ең төменгі жалақыны арттыру.
  5. Қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасу.