«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ өткен семинар-кеңес

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ өткен семинар-кеңес

Еңбек жағдайларын жақсарту, өндірістік жарақаттануды және кәсіптік ауруларды азайту мақсатында Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасымен, сондай-ақ қала прокуратурасымен бірлесіп, 30 қарашада «СЕВКАЗЭНЕРГО»АҚ ПЖЭО-2 алаңында ПТЭЦ-2, «Петропавл жылу желілері» ЖШС, «СК АЭК» АҚ, «Севказэнергосбыт» ЖШС, «САЭМ Петропавл» ЖШС, «Строй Центр Арсенал» ЖШС, «Энергострой құрылыс басқармасы» ЖШС құрылымдық бөлімшелерінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтерінің басшыларының қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.

Кеңесте 2022 жылдың 11 айы ішінде өндірістік жарақаттану деңгейі, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-да еңбек жағдайларын жақсарту, өндірістік жарақаттануды және кәсіптік ауруларды азайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, қосалқы мердігерлік кәсіпорындардың қызметкерлерін тарту кезінде бақылауды жүзеге асыру, еңбекті қорғауды басқару жүйесі, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ тобының кәсіпорындарында «Халықтық бақылау» жобасын енгізу қажеттілігі туралы мәселелер қаралды.

Жоғарыда аталған мәселелерді талқылау қорытындысы бойынша, еңбек қауіпсіздігі, профилактикасы және гигиенасы мәдениетіне ықпал ететін біртұтас көзқарас шаралары қаралды.