Өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету жөніндегі жол картасын орындау аясында семинар-кеңес өткізілді

Өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету жөніндегі жол картасын орындау аясында семинар-кеңес өткізілді

2022 жылғы 23 қарашада өндірістік жарақаттануды төмендетудің алдын алу мақсатында, сондай-ақ, Қазақстан Республикасында өндірістік жарақаттану деңгейін және еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыс орындарын төмендету жөніндегі 2019-2023 жылдарға арналған жол картасын орындау шеңберінде Басқарма еңбекті қорғау және қауіпсіздікті бақылау бөлімінің басшысы А. К. Көшербаевтың төрағалығымен Ақжар, Айыртау, Қызылжар, Тимирязев, Шал ақын және Ғ. Мүсірепов атындағы аудандар кәсіпорындармен «Zoom» қосымшасы арқылы онлайн-семинар өткізді.

Аталған іс-шараға облыстың 55-тен астам ұйымы өкілдері, атап айтқанда, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженер, ірі, орта ұйымдардың орынбасарлары мен директорлары, сондай-ақ, жазатайым оқиғалар фактілері болған кәсіпорындар басшылары қатысты.

Семинар-кеңеске қатысушыларға мынадай мәселелер бойынша ақпарат берілді:

 2022 жылғы 10 ай ішінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша болған жазатайым оқиғаларды талдау және статистика;

Өндірістік салада еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету;

  1. Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қосалқы мердігерлік кәсіпорындардың қызметкерлерін еңбек шарттарын жасаспай жұмысқа тарту;
  2. Еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізу.

Сонымен қатар, СҚО кәсіподақ орталығының өкілі Л. П. Голенкова әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияда берілген тапсырмаларды орындау мақсатында кеңеске қатысушыларды ұйымдардың еңбек құқықтарын қорғаудағы келісімдері мен ұжымдық шарттарының тиімділігін арттыру туралы хабардар етті.