Ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша семинар-кеңестер өткізу

Ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша семинар-кеңестер өткізу

2022 жылғы 24 қарашада өндірістік жарақаттануды төмендетудің алдын алу мақсатында, сондай-ақ, Қазақстан Республикасында зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары бар өндірістік жарақаттану мен жұмыс орындарының деңгейін төмендету жөніндегі 2019-2023 жылдарға арналған жол картасын орындау шеңберінде Басқарма Қызылжар, Есіл, Тайынша, Мамлют, Аққайың, Жамбыл және М. Жұмабаев аудандары кәсіпорындарымен «Zoom» қосымшасы арқылы онлайн-семинар өткізді.

Аталған іс-шараға облыстың 98-ден астам ұйымының өкілдері қатысты.

Семинар-кеңеске қатысушылар Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ауыл шаруашылығы саласындағы жазатайым оқиғалардың жалпы статистикасымен танысты, сондай-ақ еңбекті қорғауды басқару жүйесі нормаларымен танысты.

Сонымен қатар, СҚО Кәсіподақ орталығының өкілі кеңеске қатысушыларды қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау жөніндегі  ұйымдардың келісімдері мен ұжымдық шарттарының тиімділігін арттыру туралы хабардар етті.